«Астана» шабуылшы Рангело Янгамен келісімшарт жасады

 «Астана» шабуылшы Рангело Янгамен келісімшарт жасады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы Кюрасао құрамасының шабуылшысы Рангело Янгамен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Янга Роттердамда әртүрлі жастағы Голландия жасөспірімдер құрамасында доп тепкен. Ал есейген шағында өз тегінің құрамасы – Кюрасаоны (Нидерландтық Антиль аралдары) таңдаған. Ол өз ұлттық құрамасы сапында 2017 жылы Кариб Кубогында жеңіске жеткен. Рангело Янга Кюрасаоқұрамасы сапында 10 ойын өткізіп, 4 гол соққан.

Клубтық деңгейдегі соңғы маусымда Янга екі чемпионатта өнер көрсетті: 2018 жылдың көктемінен бастап Белгияда «Гент» сапында ойнап, осы командамен бірге Еуропа Лигасына жолдама алып, 17 ойында 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Рангело 2017/18 маусымның басында Словакиялық «Тренчин» сапында өнер көрсетіп, 17 ойында 14 гол соқты. 26 жастағы шабуылшы 2016/17 жылдардағы маусымда дәл сол словакиялық «Тренчин» сапында ойнап, 14 гол соғу арқылы чемпионаттың үздік сұрмергендері қатарынан көрінді.

Янга өз еңбек жолында голландиялық «Вильям II», «Экселсиор» және «Дордрехт» командалары сапында доп тепкен.

Рангело Янга,

Туған күні: 16.04.1992

Алаңдағы орны: орталық шабуылшы

Бойы, салмағы: 194 см, 83 кг

Азаматтығы: Кюрасао (Нидерландтық Антиль аралдары),

Ұлттық құрама сапында өткізген ойындар саны: 10 ойын (4 гол).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер