Әлем футболы

«Реал Мадрид» жанкүйерлер бір жыл күткен жаңа футболшысын таныстырды

news-banner7
mobile-news-top

Испанияның «Реал Мадрид» клубының президенті Флорентино Перес жанкүйерлер бір жылдан астам уақыт күткен бразилиялық Винисиус Жуниорды команданың жаңа мүшесі ретінде таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таныстыру рәсіміне «Реал Мадридтің» аты аңызға айналған ойыншысы бразилиялық Роналдо (Луис Назарио да Лима) да қатысты.

Винисиус Жуниор жас та болса келешегінен үміт күттірген дарын иесі ретінде танылып, 2017 жылдың мамыр айында «Реал Мадрид» оны Бразилияның «Фламенго» клубынан 45 миллион еуроға сатып алды. Бірақ жасөспірімнің Испанияға қоныс аударуы үшін 18-ге толуын, яғни 2018 жылдың 12 шілдесіне дейін күтуге тура келді.

Бұған дейін ол «Фламенгоның» негізгі құрамында жүріп, Бразилияның «А» сериясында 62 ойында 14 гол соқты. Футбол мамандары сүйегі қатпаған жартылай қорғаушы үшін бұл жақсы нәтиже деп бағалап отыр.

Әзірге жас футболшыға қай нөмір берілетіні белгісіз. Соған қарағанда клуб осы жазда тағы да ойыншылар сатып алуы мүмкін деген жорамалдар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер