Ой қорыту
Басқа

Денис Теннің өлімінен соң елімізде не өзгеруі керек

Денис Теннің өлімінен соң елімізде не өзгеруі керек
news-banner7
mobile-news-top

Біз Дениспен жеке таныс емес едік, тек қойылымдарын көріп, жетістіктеріне қуандық. Жарақат алғанда мұңайдық. Енді ол өмірден өткенде, жақынымыздан айырылғандай күй кештік.

Ол сіз бен біздің қателігімізден көз жұмды. “Кешір бізді, Денис” деген жолдар желіде көп тараған тіркеске айналды. Біз жылдар бойы көз жұма қараған көше бұзақыларының құрбанына айналғаның үшін кешір. Біздің үнсіздігіміздің, осы жүйемен күреспегеніміздің кесірінен көз жұмдың.

“Қоғам қашан көзін ашады. Ел қашан оянады? Адамдар “маған кесірі тимесе болды” деген түсініктен қашан арылады?”, – дейді Айдос Сарым.

Біз Денистің өлімінен қорытынды шығаруымыз керек. Полицейлер “ұсақ” бұзақылықтарға көзқарасын өзгертуі, ал біз көлік айнасын ұрлайтындар мен тедефон ұрлайтындарды, үйді тонайтындардың ауыр жазалануын талап етуіміз керек. Одан бөлек мұндай істер құқық қорғау органдарының бақылауына алынуы тиіс.

Ұрлық бизнесіне “демеуші” болып отырғандарды тауып жазалау керек.

“Ұрлық жасап, адам өлтіргендер аспаннан түскен жоқ. Олар – өміріміздің бір бөлшегі. Өміріміздің қараңғы тұсы. Олар біздің жүйеміздегі, соның ішінде құқық қорғау органдарының кемшілігі”, – дейді Досым Сәтбаев.

Олар жақсы білім алған жоқ, жұмыссыз болды, өмірде орын таба алмады. Сонда не істеу керек? Аймақтарға көптеп қаражат аударып, ауылдарда үйірмелер мен секциялар ашу керек. Ауыл шаруашылығын көтеру керек.

“Евроньюс ролигінен сатып алған әдемі жарнамаға млрд доллар жұмсай аласыз. Бұл Қазақстанның шынайы имиджі. Білімді чемпионды қала ортасында өлтіре салады. Ешкімнен, ешнәрседен қорықпайды”, – деп жазды “Твиттерде” Дмитрий Мостовой.

Бұл мәселеде полицейлерге ғана емес, дәрігерлерге де қатысты сұрақ туындайды. Денсаулық сақтау басқармасының вице-министрі Ляззат Ақтаева барлық емханада көмек көрсету қызметін дамыту туралы айтқан еді.

“Денисті не себепті жақын маңдағы ауруханаға апармады деген сұрақ туып отыр. Ол емхана шұғыл қызмет көрсетілуі керек науқастарды қабылдауға дайын емес еді. Сондықтан барлық емханада көмек көрсету қызметін дамыту керек. Қала картасын дайындап, жедел жәрдем келгенше емхананың шұғыл қызмет көрсетуіне дайын болуын жолға қою керек”, – дейді ол.

Біз жалындап келе жатқан спорт жұлдызынан айырылдық. Ол талантымен, еңбегімен, ата-анасының ықпалымен арманына жеткен еді. Екінші Денис Тен болмайды. Бірақ спортта дарынды балалар бар. Олар конькиді қалай сатып алам, бапкердің ақысын қалай төлеймін деп қиналмауы керек. Біз олардан айырылмауымыз керек. Денисті еске алу ретінде балалар спортына көптеп қаражат аударуымыз керек.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер