Ой қорыту
Басқа

Денис Тен: Өзіме көңілім толмаған күні өліп кетуді қаламаймын

Денис Тен: Өзіме көңілім толмаған күні өліп кетуді қаламаймын
news-banner7
mobile-news-top

Кеше ғана қарақшылардың қолынан қаза тапқан спортшы Денис Теннің еш жерде жарияланбаған соңғы сұқбатының үзіндісі шықты. Онда спортшы өзіне көңілі толмаған күні өлгісі келмейтінін айтқан.

«Мен бір кеш болсын, бір секунд болсын көрермендерге бар дүниені ұмыттырып, табиғат энергиясының бір бөлшектері екенін сезіндірсем онда еңбегімнің еш кетпегені. Мен үшін ең үлкен бақыт осы. Бұлардан бөлек бюрократия сынды басқа да нәрселер бар. Бірақ мен олар жайлы айтқым келмейді. Мен өзіме көңілім толмаған немесе бастаған ісімді аяқтамаған күні өліп кетуді қаламаймын. Өзіңнен кейін бірдеңе қалдырғың келеді»,- деп келтіреді спортшының соңғы сұқбатын holanews.kz сайты.

Еске салсақ, кеше күндізгі сағат 14:56 кезінде Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасаған. Олар спортшыға бірнеше пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Қазіргі таңда күдіктілердің бірі ұсталып, екіншісі іздестірілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер