Қысқы

«Күлкісін ешқашан ұмытпаймын»

«Күлкісін ешқашан ұмытпаймын»
news-banner7
mobile-news-top

19 шілдеде спорт әлемінде орны толмас қаза болды. Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген Денис Тен ұрылардың қолынан қаза тапты.

Бұл жалғыз Қазақстанға емес, бүкіл әлемге соққы болып тиді. Спорт, өнер және саясаткерлер Денистің өліміне қатысты көңіл білдірді. Назарларыңызға Дениске арналған жылы лебіздерді ұсынамыз.

Илья Ильин, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы:

«Біз жастығына қарамастан елімізге көп нәрсе әкеліп, жүрегімізге қуаныш сыйлаған дарынды спортшы, тамаша жігіттен айырылдық. Дениспен кездескенімде оның ақылы мен мәдениеттілігіне таң қалатынмын. Оның отбасы пен жақындарына көңіл айтамын».

Юлия Галышева, қазақстандық фристайлшы:

«Қатты қапалы болып отырмын. Басында сенбедім, өтірік жаңалық, біреудің қалжыңы шығар деп ойладым. Солай үміттендім... Әлі сене алар емеспін, оның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. 2010 жылы менің әкемді де пышақтап кеткен еді, артериясына тиген, түсінемін».

Скотт Моир, мұздағы биден Олимпиаданың үш дүркін чемпионы:

«Денис Теннің өмірден озғанын есту өте ауыр. Ол қайырымды әрі талантты еді. Онымен бір мұз айдынында болғанымды құрмет санаймын. Сені сағынатын боламыз, Денис».

Геннадий Головкин, кәсіпқой бокстан WBA, IBF, WBC, IBO, The Ring чемпионы:

«Жатқан жерің жайлы болсын, Денис».

Виталий Мутко, Ресей Федерациясының вице-премьері:

«Құдайым, бұл не деген өмір! Осындай жайттардан жас жігіттер кетіп жатыр... Денисті Сочидегі Олимпиада ойындарында ғажайып өнер көрсеткен тамаша спортшы деп білемін. Айтарға сөзім жоқ, Денистің отбасы мен оның жақындарына көңіл айтамын».

Грейси Голд, америкалық мәнерлеп сырғанаушы:

«Бүгін қайғыдан қан жұтып отырмын. Әлем мейірімді, жарқын әрі талантты қаһарманынан айырылды. Денис, енді бізге сен жетіспей тұрасың».

Евгений Плющенко, мәнерлеп сырғанаудан 2 дүркін Олимпиада чемпионы:

«Денис, достым. Сөзім жоқ... Мейірімді, ақжарқын, салмақты. Бала кезіңде менің жаттығуларыма келіп жүргенің есімде. Сенбеймін, сене алмаймын. Сен кез келген турнирдің, шоудың сәні едің! Барша мәнерлеп сырғанау әлемі үшін қаралы күн».

Азат Нұрғалиев, «Тобылдың» футболшысы:

«Ойынға шығуымымызға жиырма минут қалғанда қаралы хабарды естідік. Бұл орны толмас қаза. Қазақстандық спорттың дамуына үлкен үлесін қосқан 25 жастағы жігіт көз жұмды. Жігіттердің атынан көңіл айтамын. Бүгінгі жеңісімізді Денис Тенге арнаймыз».

Сәкен Майғазиев, әнші:

«Қазаны бөлектің қайғысы бөлек» деуші еді қазақ. Батырхан ағамыз қайтқандағы күйді Денис бауырымыздың қазасынан да сезінгендеймін. Қазақстаның туын бір емес, бірнеше рет биікке көтерген бауырымыздың өз қандастарымыздың қолынан ажал құшқаны қинайды».

Юлия Липницкая, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы:

«Денис... Қазақстанға өз шоуына шақырған еді. Келесі жылы міндетті түрде барамын деп уәде бергенмін. Кейін өкініп қалмас үшін, бәрін уақытында істеу керек. Жылап отырмын. Сондай жарқын адамнан айырылып қалдық».

Евгения Медведева, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері:

«Денис мәнерлеп сырғанау әлеміндегі ең көңілді, ерекше және креативті адамдардың бірі көрінетін. Бұған сену мүмкін емес. Сене алмаймын және сенгім де келмейді. Денистің барлық жақындарына көңіл айтамын. Оның күлкісін ешқашан ұмытпаймын».

Қайрат Нұртас, әнші:

«Өмірдің ғажабы болып келіп, азаппен өліп кеткенің өзегімді өртеп бара жатыр. Мына суық xабар жүрегімді ауыртты. Елімнің мақтанышы болған, көк туымызды көкке көтерген, жадырап-жайнап жүретін Денис енді жоқ. Алланың берген ғұмыры біреуге көп, біреуге аз. Жаратқан жәннәттан орын берсін, алтын бауырым».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер