Азамат Айтқожин қазақстандық клубтарды құттықтады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Еуропа Лигасының келесі кезеңіне шыққан отандық командаларды құттықтады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

«Қазақстан футбол федерациясы «Тобыл» футбол клубын тарихи жетістігі - Еуропа Лигасының келесі іріктеу кезеңіне шығуымен, сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубының осы турнирдегі кезекті жеңісімен құттықтайды.
Қостанайлық команданың қарсыласы екінші кездесуде қарымта қайтаруға тырысты. Алайда, стадионға жиналған жанкүйерлердің қолдауымен алға ұмтылған «Тобыл» екі ойынның қорытындысы бойынша жарысты әрі қарай жалғастырады.
Алматылық «Қайрат» андорралық «Энгордани» командасына қарсы жақсы ойын көрсетті. Алаң иелерінің ойыншылары соққан әр голы жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Келесі кезеңде де алматылық футболшылар керемет ойын өрнегін көрсетіп, мақсаттарына жетеді деп сенемін.

Өкінішке қарай, павлодарлық «Ертіс» футболшыларына екінші айналымға өту үшін сәттілік жетіспеді. Алайда, павлодарлық ұжым сәтсіздіктен сабақ шығарып, ел чемпионатында жанкүйерлерін қуантады деп үміттенемін.
«Тобыл» мен «Қайрат» футбол клубтарына сәттілік тілеймін! Келесі кезеңнің қарсыластары қауқарлы екені белгілі. Алайда, отандық командалардың жеңіске деген үлкен үміті мен ерен еңбегі бар. Сонымен қатар, жанкүйерлер қолдауы да қол ұшын созады», - деді Азамат Серікұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер