«Пюниктің» шабуылшысы өз голын «Қайратқа» арнады

news-banner7
mobile-news-top

Армениялық «Пюниктің» шабуылшысы Мохамед Конате Еуропа лигасында «Вардар» қақпасына соққан голын алматылық «Қайратқа» арнаған. Бұл туралы шабуылшының агенті Дмитрий Селюк айтты.

Конате былтыр «Қайрат» сапында ойнаған болатын.

«Вардар» қақпасына соққан алғашқы голын Конате «Уралға», екіншісін «Қайратқа» арнады. Мохамед «Қайраттың» жаттығу орталығын жиі еске алады. Онда футболшының өсуі үшін супер-жағдай жасалған», - деді Селюк.

Естеріңізге салсақ, Конате былтыр «Қайрат А» сапында ойнаған, бірақ негізгі командада тұрақтай алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер