русский язык

Әлем чемпионатындағы жүлделеріміз Сочиден зор үміт күттіреді

Әлем чемпионатындағы жүлделеріміз Сочиден зор үміт күттіреді

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында 2014 жылы Сочи қаласында 7-23 ақпан аралығында өткізілетін XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындық туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев баяндама жасады 

Ол өз сөзінде аталған Олимпиадаға дайындық барысында әлем чемпионатына қатысқан спортшыларымыз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенімізге кеңірек тоқталып өтті. 

- Келер жылдың ақпанында бастау алатын Сочи қаласындағы XXII қысқы Олимпиада ойындарында 15 қысқы спорт түрінен 98 медаль жиынтығы таласқа түсетін болады. Осы Олимпидаға спортшыларымыздың қатысуын және дайындығының сапасын үйлестіру мақсатында Респубилкалық Оперативтік Штаб құрылғаны белгілі. Бүгінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылғы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар қысқы спорт тарихында алғаш рет үш спорт түрінен 4 медаль жеңіп алды. Олар 1 алтын (конькимен жүгіру спорты), 1 күміс (мәнерлеп сырғанау) және 2 қола жүлде (шаңғы жарысында). Ал жалпылама алсақ, әлем чемпионатында біздің командамыз әлем рейтингісі бойынша 19 табан тіреді. Бұл салыстырмалы түрде алып қарағанда жоғары көрсеткіш болып табылады, - деді агенттік төрағасы.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;