Басқа

ХОК 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті

ХОК 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасы бекітілді, деп жазады prosports.kz Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтетін ойындарда спорттың 33 түрінен 339 сайыс өтпекші. Олимпиаданың ресми түрде ашылуы 24 шілдеге, жабылу салтанаты 9 тамызға жоспарланған.

Ашылу салтанатынан бұрын, яғни, 2020 жылдың 22 шілдесінде футбол мен софтболдан іріктеу сындары басталады. Сондай-ақ, ашылу салтанаты өтетін күні ескек есу мен садақ ату спортының өкілдері жарыс жолына шығады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының 1-ші жарыс күнінде спорттың 21 түрінен сайыстар өтеді. Оның ішінде, үстел теннисі, теннис, дзюдо, бадминтон, гимнастика, теннис пен велоспорт бар.

Токио-2020 ойындарының бағдарламасына қосылған 3x3 баскетбол, скейтбординг пен серфинг алғашқы демалыста басталып, бүкіл Ойын барысында ел назарына ұсынылады.

2020 жылдың 1 тамызында Олимпиада ойындарына алғаш рет енген спорт түрлерінен көптеген жүлде өз иесін таппақ. Атап айтар болсақ, дзюдодан командалық жарыс, триатлоннан аралас командалық эстафета және аралас командалық атудан медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Бұл күні спорттың 23 түрінен жарыс өтпекші.

Токио-2020 Олимпиадасының ең соңғы жарыс күнінде ерлер арасындағы марафон басталады. Әлемдегі үздік алты марафон қатарына енетін жыл сайынғы Токио марафоны енді миллиондаған көрерменнің назарын аудармақ.

Токио-2020 Олимпиадасында 42 спорт нысаны жұмыс істейді. Бүгінге дейін 24 нысан жұмыс істеп тұр, 10 уақытша нысан және 8 жаңа нысан салынады.

Ұйымдастырушылар суда жүзу, суда көркем жүзу және дайвинг кестесін толықтырып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер