русский язык
Футбол

2017 жылы футболдан Әлем чемпионаты Үндістанда өтеді

2017 жылы футболдан Әлем чемпионаты Үндістанда өтеді

2017 жылы футболдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды. Бұл жайында ФИФА басшысы Йозеф Блаттер Бразилияның Коста-ду-Сауипе қаласында өткен жеребе тарту рәсімінен кейін хабарлады. 

Айта кетейік, Үндістанмен бірге бұл мәртебені иелену үшін Ирландия, Оңтүстік Африка Республикасы және Өзбекстан таласқан болатын.
Үндістанда ешқашан ФИФА тарапынан ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі жарыстар өтпеген. Оның үстіне елдегі футболдың даму деңгейі көңіл қуантпайды. Мұндағы халықтың басым бөлігі футболдан гөрі крикет немесе шөптегі хоккеймен айналысқанды жөн көреді.
Үндістанның футбол федерациясы 1937 жылы құрылған. Араға 11 жыл салып, яғни 1948 жылы ол ФИФА қатарына қосылды.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;