«Ертіс» Еуропа лигасындағы жорығын ерте аяқтады

«Ертіс» Еуропа лигасындағы жорығын ерте аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» футбол клубы Еуропа Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Тракай» командасына қарсы жауапты кездесу өткізді, деп жазады prosports.kz.

Бір апта бұрын Литва жерінде 0:0 есебімен тең тарқасқан қос команда бүгін Павлодарда кездесті. Биыл ел чемпионатында өте сүреңсіз өнер көрсетіп жүрген «Ертіс» Еуропа лигасында да жанкүйерлерін қуанта алған жоқ.

Ойынның 19-шы минутында өте маңызды гол соққан қонақтар, қалған бір сағатта қазақстандық команданың матчты өз пайдасына шешуіне еш мүмкіндік берген жоқ.

Осылайша, павлодарлықтар Еуропа лигасындағы жорығын ерте аяқтап отыр. «Ертістің» биыл Қазақстан Премьер лигасында соңғы алтылықта жүргенін ескерсек, келесі жылы еурододадан оларды көре алмауымыз әбден мүмкін.

Еуропа лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі

«Ертіс» - «Тракай» (Литва) – 0:1 (Бірінші ойын 0:0)

Гол соққан: Cyzas 19

«Ертіс» : Никита Калмыков (Қ) (К) - Руслан Есимов, Александр Кислицын, Милош Стаменкович, Дмитрий Шмидт - Адриан Гомес, Сергей Кисляк, Илья Калинин, Дору Попадюк, Карлос Фонсека - Фуад Салами.

Бас бапкер: Ойрат Садуов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер