«Қайрат» «Эндорганидің» тас-талқанын шығарды

«Қайрат» «Эндорганидің» тас-талқанын шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» Алматының орталық стадионында андорралық «Эндоргани» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сырт алаңда 3:0 есебімен ұтқан «Қайрат» бұл ойынға аралас құрамын шығарды. Алғашқы таймның өзінде алаң қожайындары қарсыласының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Оның үшеуін Мартон Эппель еншісіне жазды. Екінші таймда «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан қарсылас қорғаушыларын балаша алдап, әдемі гол соқты. Екінші тайм басталасымен Алаңға тыңннан шыққан «Эндорганидің» ойыншысы Лафольт 72-ші минутта «Қайраттың» айып алаңындағы қарбалас сәтті пайдаланып кетті. Дегенмен алматылық ойыншылар уақыт оздырмай есеп айырмасын қайта ұзатты. Алдымен Эппель покер авторы атанса, артыншы Вороговский алыстан тура көздеді.

Осылайша, алматылық ұжым еш қиындықсыз келесі кезеңге өтті. Екінші іріктеу сынында «Қайрат» голландиялық АЗ командасымен жолығады.

Еуропа лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Жауапты матч

«Қайрат» (Қазақстан) 7:1 «Энгордани» (Андорра)

Голдар: Эппель 4, 11, 44, 75, Эсеола 42, Исламхан 53, Вороговский 87 - Лафонт 72

«Қайрат»: Плотников, Вороговский, Абикен, Сүйімбаев, Қуат, Парагульгов, Элек (Бато 46), Хуан Фелипе, Исламхан (Жуков 57), Эсеола (Швырев 46), Эппель.

«Энгордани»: Кока, Вагнер, Сельяй, Руис, Бриту (Родригес 58), Поуза (Лафонт 72), Спано, Бухарма, Фильямонте, Сан-Никола (Серра 62), Гомес

Бас төреші: Йован Калуджерович (Черногория)

19 шілде, Алматы, «Орталық» стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер