Басқа

Денис Тен қайтыс болды

Денис Тен қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматы қаласында қайғылы жағдай орын алды. Базбіреулер қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге пышақ салған, деп жазады Prosports.kz сайты.

Түскі сағат 2-лер шамасында Алматы қаласының Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында белгісіз біреулер жас спортшының санына пышақ салған. Қылмыскерлер танымал спортшының қымбат көлігінің айнасын шешіп алмақ болғанда оны пышақтаған.

Денис Тен дереу түрде Алматы қалалық №12 ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Артынша дәрігерлер спортшыға дереу түрде ота жасауға кіріскен. Алған жарақатының салдарынан үш литр қан жоғалтқан есін жимастан, қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер