Марин Аничич: Ең басты тапсырманы орындап, екінші кезеңге жолдама алдық

Марин Аничич: Ең басты тапсырманы орындап, екінші кезеңге жолдама алдық
news-banner7
mobile-news-top
«Астана» сырт алаңда Черногория чемпионы «Сутьеска» командасын жеңіп, Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Астаналықтар бұл кезеңде даниялық «Мидтьюлланд» командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Никшичтағы өткен ойын, жақындарының көрсеткен қолдауы және Дания чемпиондарына қарсы кездесу туралы «Астана» қорғаушысы Марин Аничич клубтың баспасөз қызметіне өз пікірімен бөлісті:

- Команданы және барша жанкүйерлерді маңызды жеңіспен құттықтаймын! Кездесудің басында аздап қобалжу болғанымен, артынша допты өз бақылауымызға алып, қарсылас қақпасына қауіп төндірумен болдық. Нәтижесінде жауапсыз екі гол соға алдық. Жалпы қорытындыда, ең басты тапсырманы орындап, жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алдық.

- Бүгінгі ойынды алаң жиегінен Сіздің жақындарыңыз тамашалады. Ол жандардың болуы Сізге қосымша күш сыйлады ма?

- Черногория мен Босния және Герцеговина, Сербия арасы аса алшақ емес. Сондықтан, бүгінгі ойынға менің және Деспотович пен Эричтің туысқандары арнайы келді. Әрине, жақындарымыздың қолдауы бізге ерекше күш сыйлап, лайықты нәтижеге жетуімізге өз көмегін тигізді.

- Келесі қарсылас даниялық «Мидтьюлланд». Қарсылас команда туралы ақпарат жинап үлгердіңіздер ме?

- Біздің бар ойымыз «Сутьескаға» қарсы кездесу болғандықтан, даниялықтардың ойынын қараған да жоқпыз. Алда«Мидтьюлландқа» қарсы кездесуге дайындықты бастайтын боламыз. Бізге бапкерлер құрамы бұл команданың мықты және әлсіз тұстарын көрсеткеннен кейін, бұл кездесуге 100% дайын болуға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер