«Құпия» ақпарат
Басқа

Ұрылар Алматыда танымал спортшыны пышақтап кетті

Ұрылар Алматыда танымал спортшыны пышақтап кетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматы қаласында қайғылы жағдай орын алды. Базбіреулер қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге пышақ салған.

Түскі сағат 2-лер шамасында Алматы қаласының Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында белгісіз біреулер жас спортшының санына пышақ салған. Қылмыскерлер танымал спортшының қымбат көлігінің айнасын шешіп алмақ болғанда оны пышақтаған.

Денис Тен дереу түрде Алматы қалалық №12 ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Артынша дәрігерлер спортшыға дереу түрде ота жасауға кіріскен. Әзірге Денис Теннің жағдай мүшкіл. Спортшы алған жарақатының салдарынан үш литр қан жоғалтқан.

Оқиға орны. Ұрылар әйнегін ұрламақ болған Денис Теннің көлігі

Оқиға орны. Ұрылар әйнегін ұрламақ болған Денис Теннің көлігі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер