Серікжан Мужиков: Өзімнің соққан голымды отбасыма және барша жанкүйерлерге арнаймын

Серікжан Мужиков: Өзімнің соққан голымды отбасыма және барша жанкүйерлерге арнаймын
news-banner7
mobile-news-top
«Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» қарсы қарымта кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойын соңында елорда командасының аталмыш кездесудегі шешуші голының авторы Серікжан Мужиков клубтың баспасөз қызметіне матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Өзімнің соққан голымды отбасыма және «Астанаға» қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге арнаймын! Біз еліміздің бізге білдірген қолдауын анық сезініп, Чемпиондар Лигасында тек елорданың ғана емес, Қазақстанның намасын қорғайтынымызды жақсы түсіндік.

- «Сутьеска» үлкен күшпен шабуылдайды деп күттіңіздер ме?

- Біз қарсылас команданың бар күшпен шабуылдайтынын алдын ала білген едік. Алайда, кездесу барысында допты өз бақылауымызға алып, біздің қақпаға шабуыл жасауына мүмкіндік бермеуге тырыстық. Соның нәтижесінде қарсылас қақпасына екі гол соғып, жалпы қорытындыда маңызды жеңіске қол жеткіздік.

- «Астана» сапында сіздің позицияңызға жаңа ойыншылар келді. Негізгі құрамдағы орныңызды жоғалтып аламын деп қорықпайсыз ба?

- Бәсекелестік – ілгері жылжудың басты кілті. «Астана» командасы – Қазақстанның төрт дүркін чемпионы және үш жыл қатарынан еурокубоктердің топтық кезеңінде өнер көрсетіп келе жатқанын ескеретін болсақ, ешқандай ойыншыға негізгі құрамдағы орын оңайлықпен келмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер