Саян Хамитжанов: Команда ойынға берілген тапсырманы толық орындады

Саян Хамитжанов: Команда ойынға берілген тапсырманы толық орындады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының Президенті Саян Хамитжанов УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы жауап ойында черногорияның «Сутьеска» командасын 0:2 есебімен жеңіп, «Астананың» келесі кезеңге өтуіне байланысты клубтың баспасөз қызметіне өз пікірін білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Черногориядағы ойын біз күткендей және алдын ала болжағандай өте қиын жағдайда өтті. Өйткені, бірінші матчтан кейін қарсылас команда да келесі кезеңге өтуге мүмкіндік болды. Дегенмен, бапкерлер штабы мен ойыншылардың тынымсыз еңбегінің арқасында «Астана» сырт алаңдағы матчта бірінші минуттан соңғы минутқа дейін өз ойынын көрсетіп, допты өз иелігінде ұсатып, жақсы ойын көрсете білді. Сырт алаңдағы ойын әрдайым қиын болатынына қарамастан, футболшыларымыз екі гол соғып, өз қақпамызды голдан аман сақтап қалды. Кешегі ойынды қорытындылап айтар болсам, команда берілген тапсырманы толық орындап, жоғары деңгейдегі ұжымдық ойын көрсетті. Қарсылас командаға келер болсақ, біз өз алаңымызда да сырт алаңда да жеңіске жеткенімізбен, «Сутьеска» бізге лайықты қарсылық көрсете білді. Черногория командасының Еуропа Лигасындағы ойындарына сәттілік тілеймін.

- Черногориядағы матч алдында қобалжу болды ма? Өйткені, бірінші ойындағы жалғыз гол «Астана» үшін «қауіпті» нәтиже болатын.

- Әрине, Чемпиондар лигасының матчы болған соң қобалжу әрдайым болады. Бұл Еуропадағы ең маңызды турнирлердің бірі. Дегенмен, команда ойыншылары өз деңгейлерін дәлелдеп, мүмкіндіктерін сәтті жүзеге асыра алатындығын күткен едік.

- «Астана» - «Мидтьюлланн» жұбында қай команда фаворит?

- Енді әр іріктеу кезең сайын бізге ең мықты команда қарсылас атанып, бізді тартысқа толы ойындар күтіп тұрады. Дания ұлттық құрамасы өткен Әлем чемпионатында өздерінің жарқын ойынымен жанкүйерлер көңілін жаулап алғанын жақсы білесіздер. Ал «Мидтьюлланд» сол елдің қазіргі чемпионы. Бұл жұптың фаворитін айтпай-ақ қояйын, біз қарсыласқа өте үлкен құрметпен қараймыз. Ал 24 шілде күні «Астана Арена» стадионына командамызды қолдауға келген жанкүйерлерге біздің футболшылар нағыз футбол мерекесін ұсынады деген ойдамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер