Велоспорт

«Астана» капитанының Альпі асуындағы алғашқы сынағы

«Астана» капитанының Альпі асуындағы алғашқы сынағы
news-banner7
mobile-news-top

«Тур де Франс» көпкүндігінің 11-ші кезеңі «Астана» капитаны үшін өте ауыр сынақ болды. Даниялық шабандоз Якоб Фульсанг жалпы есепте үздік ондықтан тыс қалуға мәжбүр болды. Дегенмен, басты жарыстар әлі алда.

Әу баста жарысты өте жақсы бастаған Фульсанг, кенет, мәреге 10 шақырым қалғанда жылдамдығын баяулата берді. Бойынан күші сарқылып, бәсекелестерінен қашықтай түсті.

- Не болғанын өзім де білмеймін, әйтеуір, аяғым талып, күшімнің сарқылып бара жатқанын сездім. Әйтпесе, бәрі жақсы болатын. Өкінішке қарай, бәсекелестерімді ұзатып алдым. Шаршап қалғандаймын. Содан шабуылға емес, қорғанысқа көштім. Арттарынан қалмауға тырыстым. Танел Кангерт пен Михаэл Вальгрен де көмектесті. Дегенмен, көшбасшылар пелетонына жақындау мүмкін болмады. Енді осы сәтсіздіктен сабақ алып, алдағы кезеңдерде ұпай айырмашылығын қысқартуға тырысуымыз қажет, - деді жарыстан кейін көңіл-күйі болмаған Якоб Фульсанг.

Негізі, менеджерлердің жоспары бойынша, Фульсанг көшбасшылармен бірге жүріп, Кангерт пен Вальгрен алға ұзап кетуі тиіс болған. Сөйтіп, мәреге аз қалғанда үшеуі бірлесе щабуылдауы керек болатын. Соңғы екеуі өз міндеттерін өте тамаша атқарды. Алайда, капитанның шамасы жетпей жатқандықтан артқа қайту қажет деген тапсырма алып, Фульсангтың жанына жетті де, мәреге үшеуі бірге аттанды.

- Мұндай нәрсе үлкен жарыстарда орын алып тұрады. Бәріне дайын болуымыз қажет. Сәтсіздіктің бәрін дереу ұмытып, жаңа кезеңге дайындалуымыз керек. Көшбасшылар аса қатты ұзай қойған жоқ. Жетіп алуға мүмкіндік бар. Парижге дейін әлі уақыт көп, - деп жұбатты «Астананың» спорттық менеджері Дмитрий Фофонов.

Бүгін «Тур де Франстың» тағы бір өте жауапты кезеңі. Шабандоздар Бур-Сен-Мористен әйгілі Альпі-де-Юз шыңына дейінгі 175,5 шақырымдық жолды бағындыруға тырысады. Ал Якоб Фульсанг көпкүндік көшбасшысы британдық Герант Томастан 4,53 минутқа артта қалып, жалпы есепте 12-ші орында келеді.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер