Футзал

Алматыда футзалдан әлем чемпионатына соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде

Алматыда футзалдан әлем чемпионатына соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда тамыздың 19-ы мен 26-ы аралығында өтетін студенттер арасындағы футзалдан әлем чемпионатына бір айдай уақыт қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Теңбіл доп додасына төрткүл дүниенің 16 ер және 9 әйелдер құрамалары жарыс жолына шығады. Осы ретте, Ұлттық студенттік лиганың басшысы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков чемпионатқа дайындық жұмыстары туралы айтып берді.

Қазақстан ірі спорттық іс-шараларды өткізуде зор тәжірибеге ие. Тек соңғы жылдардың өзінде елімізде, атап айтқанда, Алматыда әлемдік деңгейдегі көптеген спорт жарыстары өткізілді.

«Футзал сияқты динамикалық және әсерлі спорт түрінен әлем чемпионаты біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке болмақ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен барлық спорт сүйер қауымды әлемді мойындатқан спорт шеберлерінің жарысын тамашалап, жанкүйер болуларыңызға шақырамын. Алматылық «Қайрат» футзал клубының әлемдік аренадағы жетістіктерінің арқасында Қазақстан осы спорт түрін дамытып жатқан елдер арасында. Алматыда өтетін студенттер арасындағы әлем чемпионаты осыған дәлел», - деп бөлісті Дамир Шыныбеков.

Сондай-ақ, Ұлттық студенттік лиганың президенті Қазақстан әлем чемпионатын өткізу құқығын қандай жағдайларда алғанын атап өтті.

«Бұл 2015 жылдың қазан айында болған. Әлемнің бірнеше ірі қалалары осындай ауқымды турнирді өткізу құқығына таласты, нәтижесінде FISU шешімімен таңдау Алматыға түсті. Бұл ауқымды оқиға алғаш рет ТМД аумағында өткізілетінін атап өту керек », - деді ол.

Сонымен қатар, Алматыда дүниежүзінің ең мықты футзал командалары әлем чемпионы атағын сарапқа салатын болады. Жарыстар барлық заманауи талаптарға жауап беретін екі ірі спорт кешенінде – Almaty Arena және Halyk Arena өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер