Азамат Айтқожин: «Астана» лайықты жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Чемпиондар Лигасының қарымта кездесуінде сырт алаңда «Сутьеска» командасынан басым түскен «Астана» футболшыларын құттықтады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

- «Астана Арена» стадионындағы жеңістен кейін біздің футболшылар сырт алаңдағы ойынның оңайға түспейтінін жақсы түсінді. Алайда, Қазақстан чемпионы кездесуге тыңғылықты дайындалып, лайықты жеңіске жетті. Еуропа Лигасына қатысып жатқан отандық клубтар жеңісті әрі қарай жалғастырады деп сенеміз. «Астана» футбол клубын жарқын жеңісімен құттықтап, мол табыс тілейміз, - деді Азамат Айтқожин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер