Теннис

Теннистен ҚР Президенті Кубогының жүлдеқоры – 205 мың доллар

news-banner7
mobile-news-top

Астанада теннистен Президент Кубогі жалғасып жатыр. Үш күнде 30-ға жуық елден келген 100-ден аса спортшы өзара кездесіп үлгерді.

Жерлестеріміз арасынан ең үздік көрсеткіш Тимур Хабибуллинде. Ол жұптық сында ширек финалға жетті. Ал жекелей сында Александр Недовесов пен Анна Данилина бүгін кезекті қарсыластарымен жолығады. Ал қалған қазақстандық теннисшілер жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Халықаралық жарыс алдағы жексенбіге дейін жалғасады.

Ал оның жалпы жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құрайды.

- Барлық ойыншылар келіп осы жерде жүлде қорына емес, рейтингке ұпайларын жинап, алдағы әлемдік додаларға дайындығын пысықтап жатыр. Сондықтан біздің құрама команда да осы жерге қатысып отыр, - деді Қазақстан теннис федерациясы президентінің орынбасары Диас Досқараев.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер