Роман Григорчук: Футболшыларыма ерекше алғыс айтамын

Роман Григорчук: Футболшыларыма ерекше алғыс айтамын
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» қарсы қарымта кездесуде сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойын соңында «Астана» футбол клубы бас бапкері Роман Григорчук матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Біз жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алғанымызға қуаныштымыз. Және команданың бүгінгі көрсеткен ойыны көңілімнен шықты, сол үшін де футболшыларыма ерекше алғыс айтамын. Енді біз бүгінгі кездесуге қорытынды жасап, алдағы маңызды матчқа дайындалуымыз қажет.

- «Сутьеска» командасы алғашқы минуттан бастап шабылға ден қояды деп күттіңіз бе?

- «Сутьеска» командасы осал қарсылас емес екендігін топшылап, барлық жағдайға дайын болдық. Бүгінгі алаңда көрсеткен ойын басымдығын иелену үшін, менің футболшыларым көп еңбектенді. Сол үшін де оларға ерекше алғыс айтамын.

- «Мидтьюланнға» қарсы кездесуге дайынсыздар ма?

- Біздің ендігі басты қарсыласымыз даниялықтар болмақ. Дегенмен, «Сутьескаға» қарсы кездесуде жіберген қателіктермен жұмыс жасап, лайықты сабақ шығарумыз қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер