«Астана» Чемпиондар лигасында алғаш рет сырт алаңда екі гол соқты

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Сутьескадан» басым түсті – 2:0.

Осылайша, елордалық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасында сырт алаңда екі гол соғып отыр. Бұған дейін «Астана» қонақта АПОЭЛ (1:1), «Галатасара»» (1:1), «Селтик» (1:2) және «Спартак» (Юрмала) (1:0) қақпаларына гол соға алған болатын. Ал «Марибор» (0:1), ХИК (0:0), «Бенфика» (0:2), «Атлетико» (0:4), «Жальгирис» (0:0), «Легия» (0:1), «Селтикке» (0:5) қарсы кездесулерде қарсылас қақпасынан саңлау таба алмады.

Айта кетейік, «Астана» «Сутьесканы» екі матч қорытындысы бойынша 3:0 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Осыны екі жыл айтып, үш жыл тойлаңдар
Жауап беру