«Ордабасы» жартылай қорғаушысы франциялық клубқа ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Францияның екінші дивизионында ойнайтын «Гренобль» өзінің ресми сайтында Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Джамбул Джигауримен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Ойыншымен келісімшарт екі жылға жасалды. Трансфер шарттары хабарланған жоқ.

Джигаури маусым басында «Ақтөбеге» ауысқан еді, бірақ көп ұзамай «Ордабасыға» жалға берілді.

Ол «Ордабасы» сапында ҚПЛ-да 13 матч өткізіп, 3 гол соққан. Сондай-ақ, Қазақстан кубогында бір мәрте қанжығасын майлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер