Бокс

Мексикалық телеарна GGG-«Канело» кездесуіне арнап промо-ролик шығарды

Мексикалық телеарна GGG-«Канело» кездесуіне арнап промо-ролик шығарды
news-banner7
mobile-news-top

WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексиканың боксшы Сауль Альварестің қыркүйек айында өтетін қарымта жекпе-жегін бокс жанкүйерлері асыға күтіп жүр, деп жазады prosports.kz.

Жақында Альварестің отаны Мексикадағы танымал телеарна «TV Azteca Bajio» өзінің Twitter парақшасында GGG-«Канело» жекпе-жегі жайлы промо-ролик жариялап, кездесу өтер күнді күтіп жүргендерін жеткізді.

- «Канело» мен «GGG» арасындағы қарымта кездесуді тамашалау үшін дайындалып жатырмыз, - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні таңертең Головкин Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile аренасында Саул Альвареспен екінші мәрте кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек HBO арнасында көрсетіледі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер