Теннис

Астанада «President’s Cup-2018» халықаралық турнирі басталды

Астанада «President’s Cup-2018» халықаралық турнирі басталды
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың 18-22 шілдесі аралығында Астанада үлкен теннистен ATP Challenger және ITF Women’s сериялары аясында «Президент Кубогы - 2018» Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың жүлде қоры – 205 000 АҚШ доллары.

Турнирге әлемнің 30 мемлекетінен 100-ге дуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында әлемдік рейтингте ТОП-100 қатарына енетін теннисшілер де барт.

Президент Кубогына қатысатын қазақстандық теннисшілер қатарында Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Деннис Евсеев, Роман Хасанов, Гозаль Айнитдинова және Жібек Құламбаевалар бар.

Президент Кубогы – 1991 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келе жатқан кәсіби спортшылар арасындағы ірі теннис турнирлерінің бірі.

Осы уақыт аралығында балаларға арналған «Astana Masters 12& under President’s Cup» және әуесқойлар бақ сынайтын «President’sCup-2018» турнирі өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер