Теннис

Зарина Дияс Астанадағы жас теннисшілерге шеберлік сағатын өткізді

Зарина Дияс Астанадағы жас теннисшілерге шеберлік сағатын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Зарина Дияс балаларға арнап шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шеберлік сағатына төрт пен он жас аралығындағы 60-қа жуық бала қатысты. Дияс әрбір баламен теннис ойнап, әрқайсысына өз кеңесін айтты.

«Мен балаларды қатты жақсы көремін. Бүгін олармен ойнап, бір қуанып қалдым. Астанаға шеберлік сағатын өткізу үшін арнайы келген едім. Жас спортшылардың тенниске қызығушылығы үлкен екені байқалады. Бүгін көптеген балақайдың жиналғанына қуаныштымын», - дейді Зарина Дияс.

Шеберлік сағаты аяқталған соң балақайлар Заринамен суретке түсіп, қолтаңба алды. Бұл шара Ұлттық теннис орталығында 16-22 шілде күндері өтетін «Президент Кубогы - 2018» турнирінің алдында ұйымдастырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер