Бокс

Үздік қазақстандық боксшылардың ТОП-ондығы аталды

Үздік қазақстандық боксшылардың ТОП-ондығы аталды
news-banner7
mobile-news-top

Boxrec.com сайты қазақстандық он үздік боксшының рейтингін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Рейтингте WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) көш бастап тұр. Оның ұпайы - 848. Одан кейінгі орында ұпай саны Головкиннен әлдеқайда аз - Қанат Ислам (25-0, 20 КО) тұр, 125 ұпай. Ислам бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері. Үздік қазақстандық боксшылардың үштігін бірінші орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) тұйықтап тұр. Оған 83 ұпай берілген.

ТОП-10-ға енген қазақстандық боксшылардың рейтингі:

1. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - 848 ұпай

2. Қанат Ислам (25-0, 20 КО) - 125

3. Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) - 83

4. Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) - 63

5. Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) - 60

6. Бекман Сойлыбаев (12-0, 4 КО) - 57

7. Али Ахмедов (11-0, 8 КО) - 50

8. Бақтияр Эюбов (14-0, 12 КО) - 46

9. Руслан Мадиев (12-0, 5 КО) - 45

10. Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) - 45

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер