Мокин «Астана» сапындағы 20-шы «құрғақ» ойынын өткізді

Мокин «Астана» сапындағы 20-шы «құрғақ» ойынын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің «Сутьескаға» қарсы қарымта кездесуі алдында Премьер-Лига ойындары аясында қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойнап, 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеп.

Осы кездесуде төрт дүркін Қазақстан чемпиондары қақпасын Александр Мокин қорғаған болатын. Кеншілер командасының ойыншылары Мокин қорғаған қақпаға 7 соққы бағыттағанымен, тәжірибелі қақпашы өз қақпасын құрғақ сақтай алды. Осылайша, Александр «Астана» сапындағы 20-шы «құрғақ» ойынын өткізді.

Бұл көрсеткіштер бойынша абсолютті рекорд команда капитаны Ненад Эричке тиесілі. Оның еншісінде елорда командасының барлық турнирлерде өткізген 102 «құрғақ» ойыны бар.

Мокин болса екінші орында. Ал үздік бестікте Роман Герус (12 ойын), Алексей Белкин (10) және Владимир Логиновский (9) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер