«Астананың» - «Сутьеска» кездесуінде португалиялық қазылар төрелік етеді

«Астананың» - «Сутьеска» кездесуінде португалиялық қазылар төрелік етеді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы 18 шілдеден 19-ына қараған түнде, Астана уақытымен 00:00-де УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» командасына қарсы жауапты кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеп.

Осы ойынға Портулагиялық төреші Жоао Педру Пиньейру қазылық етеді. Рефери негізінен ішкі чемпионат және Кубок ойындарын басқарады. Өткен маусымда Португалия Кубогы аясындағы «Порту» - «Спортинг» матчын төреші қазылық еткен айтулы кездесулердің бірі деуге болады. Сол ойында Педру Пиньейру 6 сары қағаз көрсеткен, сондай-ақ «арыстандардың» жартылай қорғаушысы Маркос Акуньяны алаңнан қуған.

Еурокубоктарда Жоао негізінен іріктеудің бірінші раундтарында жұмыс істейді. Атап айтқанда, өткен маусымда «Домжале» (Словения) –«Флора» (Эстония) кездесуінде, сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» - «Тотенхем» матчында төрелік еткен.

Бір қызығы, «Сутьеска» - «Астана» кездесуі португалиялық рефери үшін Чемпиондар лигасы аясында алғашқы ойын болмақ.

Алдағы матчта оған жерлестері — Руй Барбоса Таварес мен Бруно Кампос Родригес көмектеседі. Кездесудің резервтегі төрешісі — Витор Фернандес Ферейра.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер