Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Ресейлік екі бойжеткен «Неймарды» ұрлап кетті

Ресейлік екі бойжеткен «Неймарды» ұрлап кетті
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Череповец қаласындағы «Карлсон» мейрамханасының алдына, жанкүйерлердің селфи жасауы үшін орнатылған бразилиялық футболшы Неймардың картоннан жасалған пішінін 10 маусым күні түнде белгісіз екі бойжеткен ұрлап кеткен.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан екі бойжеткеннің мейрамхана жанынан өтіп бара жатып, футболшының пішіні жанында аз уақыт ойланып тұрғанын көруге болады. Осыдан кейін олардың бірі ескерткіш құлап кетпес үшін бастырып қойған ауыр затты итеріп жіберіп, Неймарды құшақтаған күйі қаша жөнеледі.

Келесі күні мейрамхана әкімшілігі әлеуметтік желіде Бразилия құрамасының ойыншысын ұрлап кеткен бойжеткендерді іздеп табуға көмек сұраған жазба қалдырды.

- Достар!!! Бізде келеңсіз жағдай орын алды... Біздің сүйікті құрамамыз футболдан әлем чемпионатында жол болмағанымен қоймай, Череповец қаласының футбол сүйер қауымының селфи жасауына тұрақты серіктес болған керемет ойыншымыз Неймар өзінің құрметті орнынан жоғалып кетті. Бірақ біз оның «қашып кетуіне» Франция немесе Бразилия құрамасының жанкүйері болып табылатын екі бойжеткеннің көмектескенін, яғни қараңғы түнде белгісіз бағытта алып қашқанын көзімізбен көрдік. Олардың мұндай батылдығы мен алғырлықтарына басымызды ие отырып, олардың дұрыс жолға түсіп, футбол жұлдызын бүгін 21:00-де матч басталғанға дейін өз орнына әкеп қойына мүмкіндік береміз. Әйтпесе, ұрлық жасалған сәтті әлеуметтік желіде таратуға мәжбүр боламыз.

Видеоның Интернет желісіне тарап кеткеніне қарағанда, бойжеткендер Неймармен қоштасқысы келмеген секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер