Бокс

Головкин «Daily Star» рейтингісінде үшінші орында тұр

Головкин «Daily Star» рейтингісінде үшінші орында тұр
news-banner7
mobile-news-top

Англиялық беделді басылымдардың бірі «Daily Star» салмақтық категориядан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.

Аталған тізімнің бірінші сатысында АҚШ боксшысы Теренс Кроуфорд тұр. Ал екінші орынға украиналық Василий Ломаченко жайғасқан. Үздік үштікті отандасымыз Геннадий Головкин түйіндеп тұр.

Бір қызығы, рейтингіде Головкин алдағы қарсыласы Сауль Альвареспен іргелес орналасқан екен. Мексикалық боксшы бұл тізімде төртінші орында тұр.

Daily Star ұсынған P4P рейтингісі:

1. Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО)
2. Василий Ломаченко (11-1, 9 КО)
3. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО)
4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)
5. Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 КО)
6. Майки Гарсия (38-0, 30 КО)
7. Эррол Спенс (23-0, 20 КО)
8. Лео Санта Крус (35-1-1, 19 КО)
9. Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО)
10. Энтони Джошуа (21-0, 20 КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер