Бокс

Қазақстандық жас боксшылар Сербиядағы халықаралық турнирде топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Сербияның Суботица қаласында өткен «Алтын қолғап» халықаралық турнирінде Қазақстан жастар құрамасының боксшылары бірнеше медаль жеңіп алды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Жастар арасындағы халықаралық турнирде әлемнің 23 мемлекетінің спортшылары бақ сынады. Олардың арасында қазақстандық боксшылар да бар. Жарыс 11-15 шілде аралығында, 10 салмақ дәрежесінде өтті.

Сербия төрінде қазақстандық боксшылар бір бес алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. «Алтын қолғап» турнирінің чемпиондары: Талғат Сырымбетов (52 келі), Арнұр Ахметжанов (91 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүзал Садықова (81 келі), Дина Исламбекова (+81 келі).

Азат Асанов (69 келі) күміс, Еркежан Дәулетжанқызы қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер