Дзюдо

Қазақстан жастар құрамасы Азия кубогында 3 алтын алды

Қазақстан жастар құрамасы Азия кубогында 3 алтын алды
news-banner7
mobile-news-top

14-15 шілде күндері Гонконгта жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Азия құрлығының 17 елінен 125 жас татами шебері белдескен сында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 қола жүлдемен медаль кестесінде 2-ші орынға жайғасты. Қазақстан жастар құрамасынан жарысқа 4 спортшы қатысып, оның барлығы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Дамир Болатбеков (55 кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг) және Бекарыс Садуақас (-100 кг) жарыс барысында қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанса, Сұңғат Жұбатқан (66 кг) ел қоржынына қола медаль салды.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионаты 17-21 қазан күндері Нассауда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер