Әлем футболы

Қазақстандық ресейлік клубтың бас бапкері болып тағайындалды

Қазақстандық ресейлік клубтың бас бапкері болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Воронеждік "Факел" клубын қазақстандық Сергей Волгин басқаратын болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайты мәлімдеді.

"Факел" Волгиннің мансабындағы соңғы клуб болатын. 1995 және 96 жылдары ол воронеждіктер үшін Ресейдің бірінші дивизионындағы 28 матчта бес гол салған болатын.

60 жастағы Волгин 2015 жылы "Ақжайықтан" кеткен соң, кәсіби командаларда жұмыс істемеді. Сонымен бірге, алматылық клубтың тәрбиеленушісі Қазақстанда "Қайсар", "Қайрат", "Қарасай Сарбаздары", "Атырау" және "Ертісті" басқарды.

2000 жылдар басында ол ресейлік "Уралан" және "Сатурн" клубтарында бапкердің көмекшісі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер