Жаға ұстатты
Бокс

АІВА Рио Олимпиадасында төрелік еткен 36 рефериді қызметінен қуды

АІВА Рио Олимпиадасында төрелік еткен 36 рефериді қызметінен қуды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс қауымдастығы 2016 жылы Рио Олимпиадасында қызмет еткен төрешілердің бәрін қызметінен қуды. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

Халықаралық бокс қауымдастығы (АІВА) 2016 жылғы Рио ойындарында төрелік еткен 36 қазыны қызметінен босатты. Бұған аталған Олимпиада ойындарында жанкүйерлер мен боксшылардың күмәнін тудырған шешімдердің көбірек болғаны себеп.

Атап айтар болсақ, 91 келіге дейінгі салмақта алтынға таласқан ресейлік Евгений Тищенко мен қазақстандық Василий Левиттің жекпе-жегіндегі төрелік әлем жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. АІВА аталған кездесуге төрелік еткен жеті қазыны ойыннан шеттетті.

Әзірге, төрешілердің қанша уақытқа дейін қызметінен кеткені белгісіз. АІВА Риодағы ойындардан соң төрелік жүйесін реформалайтынын ескерткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер