Бокс

Виктор Демьяненко: Бұл тартысты жекпе-жек болмақ

Виктор Демьяненко: Бұл тартысты жекпе-жек болмақ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рематчының қалай өтуі мүмкін екенін айтты.

«Бәріміз де Головкиннің жеңгенін қалаймыз. Дайындық туралы ештеңе айта алмаймын, ол шетелде жаттығып жүр. Альварес – өте мықты қарсылас. Бұл әдемі жекпе-жек болатынына сенімдімін. Екі боксшы да бірінші кездесуден соң нәтиже шығарады. Тартысты жекпе-жек болмақ», - деді Виктор Демьяненко.

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Альварес рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер