Басқа

Словенияда қазақстандық суда жүзушілер 6 жүлде жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Словенияда суда жүзуден өтіп жатқан «42th International Swimming Championships TELEKOM 2018» халықаралық турнирінің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандықтар жалпы есебі 6 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

200 метрге кроль әдісімен жарысуда қазақстандық Анастасия Шатских қола жүлдегер атанды. Ол Словения және Италия спортшыларын алға жіберді.

50 метрге шалқалай жүзуде Диана Назарова 29,68 нәтижесін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Диана Италия және Венгрия спортшыларын артта қалдырды.

100 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділбек Мусин мен Әділ Қасқабай күміс және қола жүлдегерлер атанған болатын.

200 метрге шалқалай жүзуде Анастасия Резванцева италиялық қарсыластарын басып озып, алтын медаль иеленді.

Ал 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбек Қамзеновке тең келер ешкім болған жоқ. Ол 1.03.25 көрсеткішімен турнирде топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер