Шабуылшы Жасұлан Молдақараев «Тобылдан» кетті

news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобыл» шабуылшы Жасұлан Молдақараевпен келісімшартын мерзімінен бұрын үзді, деп хабарлайды prosport.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Клуб басшылары мен ойыншы өзара келісе отырып осындай шешім қабылдаған.

31 жастағы футболшы «Тобыл» жейдесін 2017 жылы киген болатын. Содан бері 45 ойын өткізіп, 7 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер