Дзюдо

Еуропа кубогы: Санжар Жабборов қола жүлдегер атанды

news-banner7
mobile-news-top

Германияның Саарбрюккен қаласында дзюдодан Еуропа кубогі додасы мәресіне жетті. Турнирдің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Санжар Жабборов қола жүлдегер атанды деп, хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

100 келіден жоғары салмақта белдесетін Жабборов өз тобында француз Адрьен Ливольсиді жеңіп, жартылай финалда әзірбайжандық балуанға есе жіберді. Қола медаль үшін күресте Санжар өз командаласы Ержан Қажыбаевты жеңіп, үшінші сатыдан көрінді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 60 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев Еуропа Кубогінің күмісі еншілеген болатын. Жарыс нәтижесінде Қазақстан жалпы командалық есепте 9-шы орын иеленді. Алғашқы сатыда 4 алтын жеңіп алған Ресей құрамасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер