русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» ХК сырт алаңда «Рубин» командасынан жеңілді

«Сарыарқа» ХК сырт алаңда «Рубин» командасынан жеңілді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасына жол берді.

Бұл ойында алаң иелерінің басымдығы барынша байқалды. Бірінші кезеңде олар екі бірдей шайба соқса, екінші кезеңде есеп айырмасын 3:0-ге дейін жеткізді. «Сарыарқа» тек үшінші кезеңде ғана оянғандай болды. Қарсыластар қақпасына екі мәрте қауіп төндірсе де таразы басын теңестіре алмады. Ал «Рубин» тағы бір шайбамен көзге түсті. Қорытынды есеп 4:2.

Айта кетер жайт, осы ойыннан кейін Жоғары хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде «Сарыарқа» 47 ұпаймен 9-шы орынға сырғыды. Ал «Рубин» хоккей клубы «Қазцинк-Торпедоны» артқа тастап, 53 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;