ММА

Макгрегор Әлем чемпионаты кезінде Путинмен суретке түсті

news-banner7
mobile-news-top

Ирландияның аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Конор Макгрегор футболдан Әлем чемпионаты кезінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, суретке түскен, деп жазады prosports.kz.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісінде жазған. Бірге түскен суретін жариялап, әрі Ресей басшысының мақтауын асырған жазба қалдырды.

- Бұл адам - заманымыздың ұлы көшбасшыларының бірі. Мен президентпен бірге осындай шараға қатысу құрметіне ие болдым, - деп жазды Конор. Сөз соңында ол «Алға Ресей!» деп орыс тілінде жаза кетуді де ұмытпаған екен.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер