русский язык
Футбол

Суарес 14-ші турда покер жасады

Суарес 14-ші турда покер жасады

«Ливерпульдің» шабуылшысы Луис Суарес Англия чемпионатының 14-ші турында «Норвичке» қарсы өткен матчта төрт голдың авторы атанды.

Уругвайлық шабуылшы 15-ші, 29-шы және 35-і минуттарда, яғни қамшының сабындай жиырма минуттың ішінде хет-трик жасады. Ал екінші таймның 74-ші минутында шабуылшы айып добын шірене теуіп қақпа саңлауын дәл тапты. «Энфилдегі» ойын 5:1 есебімен қожайындар пайдасына шешілді. Тағы бір голды атына қызылдар сапындағы Рахим Стерлинг жазды. Жалғыз гол қайтарған «Норвич» ойыншысының аты-жөні Брэдли Джонсон.

Суарес биылғы маусымда 13 рет көзге түсіп бомбардирлер қатарын бастады. «Манчестер Ситинің» шабуылшысы Серхио Агуэро екінші келеді.

Турдағы өзге матчтардың нәтижелері:
«Сандерленд» - «Челси» - 3:4
«Арсенал» - «Халл Сити» – 2:0
«Саутгемптон» – «Астон Вилла» - 2:3
«Вест Бромвич» - «Манчестер Сити» - 2:3
«Сток Сити» – «Кардифф Сити» – 0:0
«Суонси» - «Ньюкасл» – 3:0
«Манчестер Юнайтед» - «Эвертон» - 0:1
«Фулхэм» - «Тоттенхэм» -1:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;