Күрес

Джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатын жеңіп алды

Джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Джиу-джитсудан алғаш рет елімізде өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz 24.kz порталына сілтеме жасап.

Жүзден жүйрікті анықтау үшін Ақтауға әлемнің 20 елінен 500-ге жуық спортшы жиналды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 14 алтын, 24 күміс және 23 қоламен жалпы есепте топ бастады. Ал екінші орында Таиланд спортшылары. Түркімендер болса үздік үштіктің қатарына енді.

Джиу-джитсу тарихында биыл тұңғыш рет Азия біріншілігі ерлер мен әйелдер арасында 4 бағыт бойынша өтті. Қазір спорттың бұл түрі бүкіләлемдік және жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енген.

Бүгінгі сайыстың жеңімпаздары келесі айда Джакарта қаласында өтетін Азия ойындарына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер