Әлем футболы

Буффон ПСЖ-дағы алғашқы матчында екі гол жіберді

news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ Францияның үшінші дивизионында ойнайтын «Шамбли» клубымен жолдастық кездесу өткізді.

Бұл матчта 40 жастағы қақпашы Джанлуиджи Буффон париждік клуб сапында дебютін өткізді. Ол матчтың 5-минутында өз айып алаңында ойын тәртібін бұзып, пенальтиден гол жіберді. Ал бірінші таймның аяғында италиялық қақпашы допты екінші рет өз иелігінен алып шығуға мәжбүр болды. Үзілісте бас бапкер Томас Тухель қақпашыны ауыстырып тастады.

Айта кетейік, бұл ойында негізгі құрам ойыншыларынан Буффон мен Адриан Рабьо ғана ойнады.

ПСЖ қарсыласына 2:4 есебімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер