Велоспорт

Якоб Фульсанг: Жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенемін

Якоб Фульсанг: Жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенемін
news-banner7
mobile-news-top

«Astana Pro Team» командасының шабандозы Якоб Фульсанг«Tour de France» көпкүндігінің сегізінші кезеңі жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Бүгінгі жарыс кешегі күнгідей, жеңіл әрі бірқалыпты өтті. Тіпті өте оңай және баяу деуге де болады. Омар Фраиле құлап, тек бір ғана мәселе болды. Қуанышқа орай жарақаты қауіпті емес. Сондықтан ол жарысты әрі қарай жалғастыра алады. Ал жалпы барлығы жақсы. Ертең тастақ жолда біз үшін өте маңызды кезең – «шағын Рубэ» күтіп тұр. Бұл кезеңді барлығымыз да асыға күттік. Және ол біздің команда үшін де сәтті болады деп ойлаймын. Жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенемін, - деп келтіреді Якоб Фульсангтың сөзін клубтың ресми сайты.

Айта кетейік, сегізінші турда жеңіс голландиялық шабандоз Дилан Груневегенге (LottoNL-Jumbo) бұйырды. Екінші орынды «Lotto Soudal» командасынан неміс Андре Грайпель иемденді. Үздік үштікті «Quick-Step Floors» командасынан «Жылдам қабаттардың» үштікті колумбиялық Фернандо Гавирия жапты. Якоб Фульсанг болса мәрені 55-ші болып кесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер