Beautiful Football
Футзал

Венесуэлада қайтыс болып кеткен футболшы гол соқты. Видео

Венесуэлада қайтыс болып кеткен футболшы гол соқты. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Жол апатында қайтыс болған жас футболшы Кедуину Индриаго соңғы голын соғып үлгерді. Жастайынан өмірі қыршынынан қиылған спортшымен қоштасу кезінде оның командаластары марқұмға үлкен құрмет көрсетті.

Футзалдан Венесуэланың жасөспірім құрамасының ойыншысымен қоштасу кезінде футболшылар бір-біріне пас беріп, голды марқұмға соғуға мүмкіндік берген.

- Ол мотоциклмен келе жатып жол апатына түсті. Біз бауырымыздай болып кеткен Кедуинуға осылайша құрмет көрсеткіміз келді, - деп айтты ойыншылар.

Оқиға орнынан түсірілген видео Facebook желісіне тарап кеткен. Бейнежазбада бір-бірінен пас асырған футболшылар соңғы тепкіні марқұмның табытына бағыттаған. Нәтижесінде табытқа тиген доп барып қақпаға дәл түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер