Андрей Финонченко: «Шахтер» ойыншылары футбол ойнай алатынын дәлелдеді

Андрей Финонченко: «Шахтер» ойыншылары футбол ойнай алатынын дәлелдеді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» - «Шахтер» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін кеншілер командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Финонченконың қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Мен өз ойыншыларымы ешқандай сын таға алмаймын. Олар бүгін футбол ойнай алтындықтарын дәлелдеп, барын салды. Алайда, қорғаныс шебіндегі екі қателік жеңіліске алып келді. Бүгінгі кездесуден лайықты қорытынды шығарып, келесі ойынға дайындалатын боламыз.

- Қақпашының алған жарақаты қаншалықты ауыр?

- Оны жарақат алған сәтте жедел жәрдеммен алып кетті. Нақты ақпарат әлі жоқ.

- Сіз команданы маусым соңына дейін жаттықтырасыз ба? Әлде жаңа бас бапкер келе ме? Басшылық не дейді?

- Жақын арада жаңа бас бапкер келетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер