Роман Григорчук: Ең бастысы өзімізге қажетті голдарды соғып, жеңіске жеттік

Роман Григорчук: Ең бастысы өзімізге қажетті голдарды соғып, жеңіске жеттік
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» - «Шахтер» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ойын нәтижесі көңіліңізден шықты ма?

- Әрине, ең жақсы сәт- әдемі ойын көрсетіп, көп голу соғу арқылы жеңіске жету. Дегенмен, барлық кезде бірінші орында нәтиже тұратыны сөзсіз. Егер команда лайықты жеңіске жететін болса, жұмыс жасау да жеңіл болады. Осы жеңістен кейін, біз ілгері қадам басып, ойын жүйесін барынша жақсарта түсуіміз қажет.

- Бүгін командада гол соғатын мүмкіндіктер өте көп болды. Бұл жағдайда сәттілік жетіспеді ме, әлде, шабуылшылардың деңгейінің төмендігінен бе?

- Бұл сәтте шабуылшылардың деңгейі туралы айту артық деп ойлаймын. Кейбір сәттерде голдың қақпаға қалай кірмей қалғанын өзім де түсінген жоқпын. Сондықтан, бұл жерде сәттілік жесіспеді деген жөн болар. Ең бастысы, маңызды годарды соғып, жеңіске жеттік.

- Кабананганың команда сапына келуімен, сізде үш шабуылшы бар. Бұл жағжайда Деспотович – Щеткин жұбының бірінің команда сапынан кетуі мүмкін бе?

- Дәл қазір бізде ешқандай нақты шешім жоқ. Біз барлық ойыншыларға сенім артамыз. Тіпті, трансферлік терезе де ашық. Ал Кабананга толықтай 2-3 аптада ғана дайын болады.

- Команданың жаңа ойыншыларын алаңнан қашан көре аламыз?

- Бұл жерде әр ойыншыға жекелей тоқталған жөн. Себебі, олардың дайындық кезеңдерінің уақыты әртүрлі. Алмейда, жеке септерге байланысты 50 күндей жаттығу жұмыстарын жасаған жоқ. Сондықтан, оған ұзақ уақыт қажет. Біз өз кезегімізде әр ойыншыға жекелей тоқталып, жаттығу жұмыстарындағы мүмкіндіктерін қадағалап, сынақтан өткізетін боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер