Жеңіл атлетика

Қазақстандық жеңіл атлет Финляндиядағы жарыста 30-шы орын алды

Қазақстандық жеңіл атлет Финляндиядағы жарыста 30-шы орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Финляндияның Тампер қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы әлем чемпионатына елімізден екі спортшы барған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіретін Давид Ефремовтің осыған дейін іріктеуден өте алмағанын жазғанбыз. Кеше сенбі күні 10 шақырымға спорттық жүрістен Екатерина Шлыкова бақ сынады.

Осы чемпионатқа қатысу үшін Чехиядағы халықаралық турнирде норматив орындаған Шлыкова шамасы жеткенше соңына дейін барынша жақсы өнер көрсетуге тырысты. Жалпы, бұл сайыс түрінен жерлесімізді қосқанда 34 қатысушы болды.

Катяға мықтылармен таласу оңайға түскен жоқ. Он шақырымды соңына дейін жүріп өткен отандасымыз мәреге отызыншы болып келді. Уақыт көрсеткіші – 53:03.47.

Ал 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында 10 шақырымға спорттық жүрістен мексикалық Алегна Гонзалес жеңіске жетті. Ол аталған қашықтықты 44:13.88 минутта кесіп өтіп, осы маусымдағы үздік нәтижені тіркеді. Күміс жүлде түркиялық Мериям Бекмезге бұйырды (44:17.69). Қола жүлде Оңтүстік Американың Эквадор мемлекетінен келген Гленде Морелонның еншісінде кетті (44:19.40).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер